Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.
Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Досжан Бисимби — Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері — PhD докторы, SDU University доценті Самат Мақсұтов және SDU University физика пәні мұғалімі Назарали Айтжанов.
"Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз" дейді Оқу-ағарту министрлігінен.