Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиада финалында жетінші орын алды

143

Қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына 1 күн қалды. 

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиада финалында жетінші орын алды Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Италиядағы Милан-Кортина Олимпиадасында фристайл-акробатикадан аралас командалық сайыстың жүлделері сарапқа салынды. Ливиньо тау шаңғысы курортында өткен жарыста Қазақстан құрамасы финалға шығып, шешуші кезеңде өнер көрсетті.

Ел намысын Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асылхан Асан қорғады. Қазақстан командасы финалда 213.93 ұпай жинап, жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.

Құраманың көрсеткіштері мынадай: жарысты алғаш болып бастаған Аяна Жолдас 49.77 ұпай иеленді. Одан кейінгі секіруде Роман Иванов 79.65 ұпай жинаса, Асылхан Асан 84.51 балл еншіледі.

Айта кетейік, бұл бағдарламада үлкен финалға ең үздік көрсеткіш көрсеткен төрт команда жолдама алды. Жүлделер тағдыры бүгін өтетін сайыста анықталады.

Қазақстандық спортшылар бұл додада барын салды және Олимпиада финалы кез-келген команда үшін үлкен жетістік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу