Қазақстан құрамасы Германияны жеңді

1379

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы Германияны жеңді

Бүгін, 26-мамыр Юрий Михайлис шәкірттері топ көшбасшысы Германия құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы алғашқы болып есеп ашты. Кездесудің 27-минутында команданың ардагер ойыншысы Александр Шин Иван Степаненко мен Егор Шалаповтың шығарған пасын голға айналдырды. Бірақ Германия құрамасы бірден қарсы шабуыл ұйымдастырды. Олар алдымен 30-минутта есепті теңестірсе, кездесудің 35-минутында алға шықты.

Командалар екінші үзілістен кейін айдынға шыға салысымен ойын тәртібі бұзылып, айып добы белгіленді. Қазақстан құрамасының  капитан Роман Старченко айып добын орындап, мүлт кетпеді. Нәтижесінде есеп теңесіп, 2:2 болды.

Үшінші кезеңнің соңында қазақстандықтар соққан гол бүгінгі матчтың нүктесін қойды. 56-минутта Алексей Маклюковтың шығарған пасынан кейін Павел Акользин Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңді аяқтағанға дейін үш матч - 28-мамырда Канада, 29-мамырда Италия және 31-мамырда Норвегиямен өткізеді. Төрт үздік команда плей-оффқа шығады.

Германияны жеңгеннен кейін еліміздің құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін қайтарды. Қазір төрт ойыннан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы төрт ойыннан кейін жеті ұпай жинап, бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Ал Германия турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу