Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

1551

Бүгін құрамамыз Италиямен кездеседі.

Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

Матчтың алтыншы минутында канадалықтар көпшілік құраммен гол салып, есеп ашты. Бастапқыда Эндрю Манджапаненің қақпа маңындағы қарбаласта салынған голын есепке алмағанымен, бейнеқайталаудан кейін төрешілер голды есепке алатындарын мәлімдеді.

Екінші ойын кезеңінің басында номиналдық қонақтар үстемдіктерін еселеді, гол Адам Хенрикке тиесілі. Үш минуттан кейін Никита Михайлис қарсы шабуылда бұзып-өтіп, есеп айырмашылығын азайтты – 1:2. Үшінші кезең басталарда Қазақстан құрамасының 10-шы нөмірлі ойыншысы Кертис Волктың берген пасын пайдаланып, дубль жасады. Ойынның 48-минутында канадалықтар тағы да есеп бойынша алға кетті. Үшінші голды Коул Перфетти салды. Кездесудің аяқталуына бір минут 15 секунд қалғанда Юрий Михайлис қақпашыны алып тастады. Алайда гол салуға мүмкіндік болмады. Ойын аяқталарға үш секунд қалғанда, Коннор Браун шайбаны бос қақпаға аттандырды. Қазақстан құрамасы Канададан 2:4 есебімен жеңілді.

Матч аяқталған соң хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис ойынға баға берді.

"Барлығы жарады. Өте жақсы ойнады. Бастысы мықты қарсыластан қаймықпай, Канадаға қарсы тамаша ойнады. Және біздің жігіттер лайықты ойын көрсетті. Қаншама гол салатын сәттер ұйымдастырды. Есепті теңестіріп, тіпті алға шығып кетуіне болар еді. Алайда қарсыластың қақпашысы мызғымады. біздің қақпашы да жақсы ойнады. Бұған дейін айтқанымыздай, жігіттер әрбір ойынды жанын салып ойнайды", - деді Юрий Михайлис.

Бүгін құрамамыз Италиямен кездеседі. Бүгінгі матч алдында Юрий Михайлис шәкірттері жеті ұпаймен, сегіз команда арасынан бесінші орынға жайғасты. Ал италиялықтар төрт кездесудің барлығында да қарсыластарына жеңілген.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу