Қазақстан құрамасы кёрлингтен әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті

326

Отандастарымыз алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты.  

Қазақстан құрамасы кёрлингтен әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Е тобындағы 6-турда Украина құрамасын 8-7 есебімен жеңіп, алғаш рет плей-оффқа шықты.

Команда құрамында: Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір.

Алда Бельгиямен кездесу, кейін 1/8 финал. Финал 19 қазанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу