Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен жарыста Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова және Валерия Столбунова командалық сында үздік шықты – 221.9525 ұпай.
2-орын Таиланд (210.5775), 3-орын Өзбекстан (200.5183) құрамалары иеленді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы алғашқы күні бес медаль жеңіп алды. Карина Магрупова мен Виктор Друзин техникалық солода алтын, Эдуард Ким күміс, Ясмина Исламова қола иеленді. Еркін бағдарламада да қазақстандықтар алтын медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, жарыстар төрт спорт түрі – жүзу, суға секіру, су добы және көркем жүзу бойынша өтуде.