Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды

1022

Қазақстандық Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина Парижде өтетін Олимпиадаға көркем жүзу спорт түрі бойынша лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Сөйтіп Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға өтті.

Ханчжоуда аталмыш жұп қола жүлдегер атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу