Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

99

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медальға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскарға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунге есе жіберіп, жарысты күміс медальмен аяқтады. Ал 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өткен айқаста өзбекстандық Амирбек Урдушевтен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу