Ойын барысында футболшыларымыз жылдам гол соғуға тырысты. Оған қарсыластар мүмкіндік бере қойған жоқ.
Десе де Ғалымжан Кенжебек тамаша ойынымен көзге түсті. Ол 26-минутта қарсылас қақпасы маңында бірнеше футболшыны алдап өтіп, алыстан тоғыздықты дәл көздеді. Одан кейін Бахтиёр Зайнутдиновке тура пас шығарып, оны голға айналдыра білді.
Екінші кезеңде отандастарымыз шабуылды арттыра түсті. Ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы бір мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ал 81-минутта Әлібек Қасым есепті еселеп, кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Сол арқылы 3 ойынға созылған жеңіліс сериясына нүкте қойды.