Қазақстан құрамасы Мажарстанмен жолдастық матч өткізеді

145

Түркістан төріндегі тартысты кездесуде жанкүйерлер сапалы футбол мен жоғары деңгейдегі ойын күтеді.

Қазақстан құрамасы Мажарстанмен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы кездесу 2026 жылдың 9 маусымында Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өтеді.

Тарихы мен тамыры жақын қос халықтың құрамалары арасындағы бұл матч жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырары сөзсіз. Киелі шаһарда өтетін ойын спорттық бәсеке ғана емес, екі ел арасындағы өзара байланыс пен достық қарым-қатынастың айқын көрінісі болмақ.

Алдағы матч Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші кездесу болатынын айта кетейік. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір мәрте жеңіске жетіп, бір рет қарсыласына есе жіберген.

2014 жылдың 7 маусымында Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Ал 2018 жылдың 23 наурызында таблодағы есеп 3:2 болып, матч Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Екі кездесу де Венгрияның Будапешт қаласында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу