Футболдан Қазақстан құрамасы Молдовамен болған матчтағы қарымта кездесуде жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалды. "Астана Аренада" өткен ойынның негізгі уақыты 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. 13-минутта Игорь Армаш ойындағы жалғыз голды соқты. Қос матчтың қорытындысы бойынша есеп тең болғандықтан, кездесу экстра-тайм мен пенальти сериясына ұласты.
Матч соңындағы лотерея 5:4 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Алаң иелері сапында Абзал Бейсебеков мүмкіндігін пайдалана алмады. Ал қарсылас құрамында Николаеску мен Ревенконың тепкен добын Игорь Шацкий қайтара білді.
Қазақстан – Молдова – 0:1 (пенальти сериясы – 5:4) (жалпы есеп – 2:2)
Гол: Игорь Армаш 13
Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев (Тимур Досмағамбетов 46), Нұралы Әліп (Абзал Бейсебеков 103), Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров (Бағдат Қайыров 66) – Асхат Тагыберген (к) (Георгий Жуков 103), Исламбек Қуат – Владислав Васильев (Айбар Жақсылықов 66), Бақтиер Зайнутдинов, Абат Айымбетов (Айбол Әбікен 116);
Молдова: Дорин Райлян (қ) – Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан (Артур Крачун 64), Игорь Армаш, Иоан-Кэлин Ревенко – Артур Ионица (к), Михай Платика (Дмитрий Мандрыченко 69), Вадим Раца – Михаил Каймаков, Ион Николаеску;
Ермұхамед Мәулен