Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді

1071

Еуро-2024 іріктеу чемпионатының кезекті ойыны Италияның Парма қаласында өтті.

Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді

Эннио Тардини стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Алғашқы таймда біздің қорғаушы Ян Вороговский есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Екінші таймда Магомед Адиев шәкірттері ойын басымдығын ұлғайта түсті. Алдымен команда капитаны Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кетпеді. Ойынның соңғы секундында ұлттық құраманың көшбасшысы Бақтиер Зайнутдинов кездесуге нүкте қойды. Келесі кездесуді Әдиевтің шәкірттері Белфастта Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді. Ойын маусымның 19-нан 20-на қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан алты ұпай жинады. Дания, Финляндия және Словениянада да сонша ұпай. Солтүстік Ирландия үш ұпайды еншіледі. Ал Сан-Марино құрамасында әзірге ұпай жоқ.

Сан-Марино – Қазақстан – 0:3 (0:1)

Голдар: Ян Вороговский 37, Асхат Тағыберген 64 (пенальти), Бақтиер Зайнутдинов 90+5

Ескертулер: Лоренцо Капикьони 67, Лоренцо Ладзари 70 – Бақтиер Зайнутдинов 72, Исламбек Қуат 89;

Сан-Марино: Элиа Бенедеттини – Алессандро Този (Адольфо Хосе Хирш 65), Данте Карлос Росси, Филиппо Фаббри (Микеле Чеволи 82), Роберто ди Майо, Мануэль Баттистини (К) – Алессандро Голинуччи, Лоренцо Капикьони (Маттео Витайоли 80), Лоренцо Ладзари – Никола Нанни (Майкл Баттистини 80), Филиппо Берарди (Лука Чеккароли 65);

Қазақстан: Игорь Шацкий – Ян Вороговский (Тимур Досмағамбетов 78), Нұралы Әліп, Марат Быстров, ​Александр Марочкин, Михаил Габышев (Лев Скворцов 78) – Асхат Тағыберген (К) (Арман Кеңесов 70), Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, ​Рамазан Оразов – Максим Самородов (Эльхан Астанов 71);

Бас төреші: Анастасиос Папапетру (Греция);

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу