Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

640

Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеуде сенсация жасады.

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде төртінші тур ойынын өткізді. Н тобында Магомед Адиев шәкірттері Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесті. Матч оңайға соққан жоқ. Дегенмен футболшыларымыз табандылық танытып, кездесу 1:0 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды алаңға 88-минутта шыққан Абат Айымбетов соқты. "Астана" шабуылшы өз аймағында допты қабылдап, британиялық команда қорғаушыларын қапы қалдырды. Тура қақпаға қарай жылжып, допты Бэйли Пикок-Фаррел қорғайтын қақпаға дәл бағыттады.

Матч аяқталған соң команданың бас бапкері Магомед Адиев ойыншыларға ризашылығын білдірді.

"Сөйлеудің қажеті жоқ шығар деп ойлаймын, бұл жерде бәрі түсінікті. Біз өз сөзімізді, дәлелдерімізді алаңда көрсетеміз. Ер адам, кәсіпқой футболшы көп сөйлемей, өзінің кәсіби ісінде нәтиже көрсетуі керек. Оңай емес. Жақсы нәтиже ешқашан оңайлықпен келмейді. Жігіттерде мінез бар. Соны тағы бір рет көрсеттік!", - деді Адиев.

Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз тоғыз ұпай жинады. Ал Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 7 қыркүйек күні өз алаңында тағы бір топ көшбасшысы, тоғыз ұпай жинаған Финляндиямен өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу