Таеквондодан 14–16 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халықаралық турнирде ел намысын Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкарымов, Батырхан Кусетов, Камила Аймұқашева, Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева және Нұрай Қазнабек қорғайды.
Қазақстандық спортшылар командалық сында жүлделі орындар үшін бақ сынап, ел қоржынына медаль салуға күш салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу