Қазақстан құрамасы топ-дивизионға өте алмады

109

Қазақстан құрамасы Франция, Аустрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге топ-дивизионға жолдама үшін сынға түсуде.   

Қазақстан құрамасы топ-дивизионға өте алмады

Словенияда өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстан құрамасы төртінші кездесуін өткізді.

Ойынның алғашқы кезеңі толығымен Норвегияның басымдығымен өтті. Қарсылас команда сапынан Тинус Коблар (1-минут) және Никлас Аарам-Ольсен (8, 13-минуттар) мергендігімен танылды. Екінші кезеңнің басында Корней Корнеев (23-минут) бір шайба соғып, есепті қысқартты. Алайда норвегиялықтар жылдам жауап беріп, Элиас Ватне (25-минут), Коблар (25-минут), Миккель Эриксен (30-минут) және Дидрик Баанеруд (37-минут) тағы төрт гол соқты.

Үшінші кезеңде де Норвегия шабуылы бәсеңдеген жоқ. Ромео Сёренсен (44-минут), Коблар (46-минут), Лукас Петтерсен-Финкенхаген (48-минут) және Мажит Имашев (52-минут) нәтижелі соққыларымен ерекшеленді. Кездесу 10:2 есебімен Норвегияның пайдасына аяқталды.

Осылайша, соңғы тур алдында Норвегия 11 ұпай жинап, көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы алты ұпаймен топ-дивизионға өту мүмкіндігінен айырылды. Айта кетейік, бұл сатыға тек топ жеңімпазы ғана жолдама алады. Бұған дейін Васин шәкірттері алғашқы ойында Украинаға овертаймда 1:2 есебімен жол беріп, Словенияны буллит сериясында 5:4 есебімен, Францияны 14:6 есебімен жеңді. 
Жастар құрамасы турнирдегі соңғы ойынын ертең, сенбі күні Аустрияға қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу