Қазақстан құрамасы Түрікменстанға қарсы жолдастық матч өткізеді

1064

Қазақстан құрамасы 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. 

Қазақстан құрамасы Түрікменстанға қарсы жолдастық матч өткізеді Фото: vesti.kz

Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.Бұған дейін Қазақстан және Түрікменстан құрамалары өзара үш рет кездескен, деп хабарлайды сайты.

Ұлттық құраманың Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында өтеді. Сондай-ақ құрамамыз Ресейге қарсы матч өткізуі мүмкін. Осы орайда Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев өз пікірін білдірді.

 "Маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге қарсыластар іздеп жатырмыз. Бірақ Ресей құрамасымен болатын матч туралы ештеңе білмеймін. Өйткені, қарсыластарды іріктеу федерацияның құзырында. Әрине, Қазақстан футбол федерациясы Қарсылас туралы менімен ақылдасады. Мен Ресей құрамасы туралы ештеңе білмеймін", — деді Адиев.

Жалпы, бұған дейін Қазақстан мен Ресей өзара төрт кездесу өткізді.

09.09.2019 ж. Ресей — Қазақстан 1:0 (Еуро-2020 іріктеу кезеңі. Калининград)

24.03.2019 ж. Қазақстан — Ресей 0:4 (Еуро-2020 іріктеу кезеңі. Астана)

31.03.2015 ж. Ресей — Қазақстан 0:0 (Жолдастық кездесу. Химки)

23.05.2008 ж. Ресей — Қазақстан 6:0 (Жолдастық кездесу. Мәскеу)

Айта кетейік, ФИФА мен УЕФА-ның ұйымдастыруымен өтетін халықаралық турнирлерден шеттетілген Ресей құрамасы келесі ойынын 21 наурызда Сербияға қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу