Алғашқы кездесу бүгін, 14 ақпан күні Өзбекстанның "Локомотив" (Ташкент) клубына қарсы өтеді.
Бапкерлік штабтың шешімімен бұл ойын жабық режимде ұйымдастырылады. Ойынның басталуы – 20:00-де (Қазақстан уақытымен).
Екінші бақылау ойынында Қазақстан құрамасы 17 ақпан күні Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен кездеседі.
Бұл матч Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей эфир жайлы қосымша ақпараттарды кейінірек жариялаймыз.
КХДР құрамасы – 1966 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сонымен қатар, 2010 және 2012 жылдары АФК Шақыру кубогында жеңіске жеткен.
Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында 18 ақпанға дейін жалғасады. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.