Қазақстан құрамасы Түрікменстанды жеңді

875

Еуроға жолдама үшін тартыс алдындағы кездесуде Қазақстан футбол құрамасы жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы Түрікменстанды жеңді Фото: sportsarena.kz

14 наурызда Дубайда Қазақстан мен Түрікменстан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Матч жабық форматта ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты — қос команданың бапкерлік штабы үшін маңызды матчтар алдында ойын жүйелерін тексеру болды. Өйткені Магомед Адиев шәкірттері Еуро-2024 додасына іріктеудің плей-офф кезеңіне дайындалып жатыр.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Ислам Чесноков (2-минут) пен Александр Зуев (47-минутта). Матч аяқталған соң Түрікменстан футбол федерациясы (ФФТ) Дубайда өткен Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесуді қорытындылады.

"Матч аяқталды! Қазақстан құрамасынан 2:0 есебімен ұтылып отырмыз. Қорытынды жасап, әрі қарай жүреміз. Жұмысты жалғастырып, ортақ мақсатқа қарай жылжып жатырмыз", — делінген ФФТ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Түрікменстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына дайындалуда. 21 және 26 наурызда олар Иран құрамасына қарсы ойнайды. Алдымен сыртта, сосын өз алаңында Иранды қабылдайды. Сондықтан екі команда дайындық барысында бір-біріне көмектесіп, бақылау ойынын өткізеді.

Ал 21 наурызда Афинада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекиямен ойнайды. Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. Ал финалдың жеңімпазы (26 наурыз) Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу