Ширек финалда қазақстандық спортшылар Қатар құрамасын 8:1 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Кездесудің алғашқы ұпайын Алан Құрманғалиев пен Айдос Кенжеғұлов жұбы жеңіп әкелді – 2:1. Кейін Кирилл Герасименко қарсыласын 3:0 есебімен ұтып, есепті еселей түсті.
Шешуші партияда Алан Құрманғалиев тағы да сенімді жеңіске жетіп, матчтың тағдырын шешті – 3:0.
Бүгін, 10 қараша күні сағат 15:00-де, қазақстандық үстел теннисшілер Түркия құрамасына қарсы жартылай финалда бақ сынайды.
Әлемдік рейтингте Қазақстан (WR №27) қарсыласынан жоғары тұр, бірақ бұл кезеңде әр партияның маңызы ерекше.
Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:
- Кирилл Герасименко
- Алан Құрманғалиев
- Айдос Кенжеғұлов
Айта кетейік, биылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарына 55 елден 3000-нан астам спортшы қатысуда.
Олар 24 спорт түрі бойынша жарысқа түсіп жатыр. Бұл дода – көптеген елдер үшін 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі саналады.