Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

1425

Футзалдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матч 23 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайланд құрамасымен кездесетін болды. Таиланд топтағы үшінші матчын өткізіп, үшінші орын алғаннан кейін Қазақстанның қарсыласы атанды. Бірінші турда олар Португалиядан 1:4 есебімен ұтылса, екінші айналымда Мароккомен тең түсті - 1:1, содан кейін Соломон аралдарын 9:4 есебімен ұтты. С тобында Португалия 7 ұпай, Марокко - 5, Тайланд - 4, Соломон аралдары - 0 ұпай жинады.

Қазақстан - Таиланд матчы 23 қыркүйекте Каунас қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Сондай-ақ, 1/8 финалда Венесуэла Мароккомен, ал Ресей Вьетнаммен ойнайды.

Таиланд құрамасының әлем чемпионаттарындағы ойындарына тоқтала кетсек, команданың ең үздік көрсекіші - 1/8 финал болатын. Биылғы турнирден басқа, олар 2012 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға шығып, екі рет те де қарсыластарына ұтылған. Жалпы, Таиланд әлем чемпионатының финалына бес рет қатысқан. Ал Азия чемпионатында Тайланд құрамасы екі рет (2008, 2012) күміс, төрт рет қола (2000, 2002, 2003, 2004) медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Коста-Риканы (6:1) және Литваны (3:0) жеңді және Венесуэламен тең ойнады (1:1).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу