Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір лицензия түсті

818

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.  

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір лицензия түсті Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ.

Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева сосын, байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова Ирина жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанды. Осылайша олар Париждегі ойындарға жолдама ала алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу