Қазақстан құрамасының ойыншылары өнер көрсететін "Металлург" Гагарин кубогының финалына шықты

436

Магнитогорскінің "Металлург" командасы Екатеринбургтің "Автомобилист" командасын жеңіп, Гагарин кубогының финалына шықты. 

Қазақстан құрамасының ойыншылары өнер көрсететін "Металлург" Гагарин кубогының финалына шықты Фото: RT

Жетінші кездесуде Магнитогорск өз айдынында "Автомобилист" командасын қабылдады. Кездесу 3:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Металлург" сапынан гол соққандар: Дмитрий Силантьев (тоғызыншы минут), Данила Юров (15) және Денис Зернов (24). "Автомобилист" командасынан Максим Денежкин екі рет (20 және 25 минут) көзге түсті. Осылайша, төрт жеңіске дейінгі сериядағы есеп "Металлург" пайдасына 4:3.

Финалдық серияда құрамында Қазақстан құрамасының хоккейшілері Валерий Орехов, Алексей Маклюков, Никита Михайлис және Павел Акользин бар Магнитогорскінің хоккей клубы Ярославльдің "Локомотивіне" қарсы ойнайды, деп хабарлайды сайты.

18 және 20 сәуірде матчтар "Металлург" мұз айдынында өтеді. Келесі серия Ярославльде 22 және 24 сәуірде өтеді. Командалар 26 сәуір күні Магнитогорскіде, ал 28-і күні Ярославльде қайта кездеседі. Жетінші кездесу 30 сәуірде Магнитогорскіде өтеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу