Қазақстан құрамасының ойыншысы "Зенитке" ауысты

2566

Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова Санк-Петербургтің "Зенит" әйелдер футбол командасының ойыншысы атанды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы "Зенитке" ауысты

Гайстеноваға Еуропаның он футбол клубынан ұсыныс түскен. Сондай-ақ, Ресейден үш команда ұсыныс жасап, олардың арасынан Аида "Зенитті" таңдады.

Fiftywan inc компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Аида бұрынғы, яғни 51 нөмірде ойнайтын болады.

2012-2013 ж "Көкше", 2014-2015 ж "Оқжетпес" командаларында ойнаған Аида 2016-жылы елордалық "Астанаға" ауысты. 2017-жылы алматылық "МЖСШМ–Барыс" командасының құрамында ойнады. 2018-жылдың 21-ақпан күні Аиданың Красноярскінің "Енисейіне" ауысқаны белгілі болды. Команда мен футболшы арасындағы келісім-шарт 1 жылға жасалған еді. Бұл Қазақстан әйелдер футболындағы алғашқы трансфер болатын.

Ал, 2019-жылы Пермь қаласының "Звезда-2005" командасына ауысқан 25 жасар футболшы қыз Ресей чемпионатының 1-турында "Локоматив" ӘФК қарсы ойында алғаш рет алаңға шықты. "Звезда-2005" командасының Ресей чемпионы "Рязань-ВДВ" командасына қарсы кездесуіндегі Аиданың дебюттік голы әйелдер арасында өткен Ресей чемпионатының 11-турында пермьдіктерге жеңіс сыйлады. Сол жылы 20-маусым Башқұртстан астанасында өткен Ресей Кубогінің 1/8 финалында "Звезда-2005" ӘФК "Уфаға" қарсы кездесу өткізген болатын. Ойынның 3-минутында Аида есеп ашып, кездесудің 21-минутында дубль жасады. Нәтижесінде, Пермь құрамасы "Уфаны" аса ірі, яғни 10:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Сонымен қатар 2019-жылы "Звезда-2005" командасы Ресей Кубогін жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрама командасының капитаны Бауыржан Исламханның питерлік "Зенитке" ауысатыны жайлы ақпарат елімізде қызу талқыға түскен. Бірақ, ол оқу-жаттығу ойындары аяқталған соң басқа, яғни БАӘ-нің "Әль-Айн" командасымен келісім-шарт жасады. Қазіргі таңда Бауыржан "Әль-Айн" сапында ойнап жүріп 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу