Елордадағы "Астана Арена" спорт кешенінің жасанды алаңын ауыстырған компания өзіне тиесілі қаржысын ала алмай отыр. 2020 жылы жұмыс жүргізіліп, жасанды алаң толығымен пайдалануға берілген. Алайда, сол жұмысты жүргізген ұжым заңды ақшасын ала алмай, билік тарапынан зардап шегіп отыр. Жасанды алаң Италиядан әкелінген, өте жоғары сапалы материал. Осы жасыл алаңда Қазақстан құрамасы 2021 жылы Францияға қарсы кездесу өткізген. Міне, содан бері жасанды алаң кең қолданысқа ие. Бірақ, шетелдік мамандар осы жасаған шаруалары үшін еңбекақыларын алмаған.
"LCW Kazakhstan" ЖШС арызданып, өзінің құқығын қорғап әлек. Алайда, Астана қаласы мемлекетік сатып алу басқармасы еш жауап берер емес. Бұл мәселенің соңы неге апарары түсініксіз. Бұл оқиға жайлы көптеген сайттар мен телеарналар дау көтеріп, мәселе туындатты. Алайда, Астана қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы жауап беруге асығар емес. Бұлай жалғаса берсе Қазақстан ұлттық құрамасының "Астана Аренадағы" ойындары өтпей қалуы мүмкін. Егер жағдай насырға шапса, арты күлкілу оқиғаларға әкеліп тіреуі мүмкін. Себебі, компания өкілдері заң аясында әрекет етіп, өздерінің жасанды алаңдарын жинап алып кетуі ықтимал.
Десе де, 2 жыл бойы пайдаланыста болған жасанды алаңның қаржысын бермей қою бұл барып тұрған бассыздық. Себебі, ол жасанды алаңның сапасын шетелдік футболшылар мен бапкерлер бас бармақпен бағалаған еді. Италиялық мамандар төсеген жасанды алаңның қаржысын кім жымқырды? Әлде, мәселе басқада ма? Оны жақын арада анықтай жатармыз.