Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасынан қанша ақша тапқаны белгілі болды

1877

Топта жеңімпаз атанғаны үшін Қазақстан әдеттегіден көп қаржы тапты.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасынан қанша ақша тапқаны белгілі болды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтті өнері үшін алатын ақшасының көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирге қатысқаны үшін Қазақстан құрамасы С дивизионындағы басқа командалар сияқты 1,125 миллион еуро алады. Бұл соманың топтық кезеңдегі нәтижеге ешқандай қатысы жоқ. Бірақ Қазақстан өз тобының жеңімпазы атанғаны үшін бұл соманы екі есеге арттырып, нәтижесінде 2,25 миллион еуро табыс тапты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы С дивизионының 3-ші тобында бірінші орын алып, В лигасына көтерілді. Сондай-ақ қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін таласатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу