Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізетін болды

249

Еліміз шығыстағы көршісіне тазартылмаған күнбағыс майын жөнелтіп отырады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізетін болды Фото: canva

Дайын өнімді сатып алушы ҚХР астық резервтерін қалыптастыруға жауапты Sinograin мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы болмақ.

Уағдаластық қазақстандық кәсіпорын базасында күнбағыс тұқымын қайта өңдеуді және одан әрі Аспан асты еліне май жіберуді көздейді.

Жеткізу өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлер мен өңдеушілерді мемлекеттік қолдау құралы ретінде іске қосқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ.

Оператор әр түрлі жеткізушілерден шағын көлемді өнімді толыққанды экспорттық партияларға біріктіреді және шетелдік тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз етеді.

Бұл ретте корпорация тасымалдауды толық сүйемелдейді. 2024 жылы шоғырландыру жобасы бойынша Қытай мен Орталық Азияға жалпы құны 20 млн долларды құрайтын дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасалды.

Биылғы жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жұмысын жалғастырды, соның нәтижесінде ҚХР-на қазақстандық өндірістің 1,6 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді.

Келісімшарт Астана мен Бейжіңде агробизнестің қатысуымен өткен екіжақты кездесулер нәтижелерінің бірі болды. Қытайлық инвесторлармен және бейінді компаниялармен белсенді диалогты Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚХР-дағы өкілдігі тұрақты негізде жүргізеді.

Бүгінде Қазақстанның аграрлық саясатының басты бағыты терең өңдеуге бет бұруда. Шоғырландыру бағдарламасы және үшжақты форвардтық сатып алу сияқты жобалардың көмегімен корпорация отандық өндірушілерге сыртқы нарықтарға шығуға көмектеседі.

Сондай-ақ, өңірлерде қайта өңдеу қуаттарын жүктеуді ынталандырады. Бұл ел ішінде қосымша құн құруға және шағын және орта фермерлерге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу