Қазақстандық велошабандоздар Кучингтегі халықаралық турнирде екі дисциплина бойынша жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медаль иеленді. Ол XCC және XCO сайыстарында мәреге екінші болып жетті.
Әйелдер арасындағы XCC бәсекесінде Татьяна Генелева үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу