Қазақстан Медиа Альянсы "Қазақстандағы медианың негізгі принциптері" жобасын жасауды бастағанын хабарлайды

1676

Қазіргі инфодемия жайлап, медиаға сенім азайып тұрған уақытта бұл өте қажет. 

Қазақстан Медиа Альянсы "Қазақстандағы медианың негізгі принциптері" жобасын жасауды бастағанын хабарлайды

Журналистердің кәсіби қызметіне қолдау білдіру және азаматтардың сапалы ақпарат алу құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Медиа Альянсының өкілдері "Қазақстандағы медианың негізгі принциптерін" дайындап, енгізу жөнінде бастама көтеріп отыр. 

Біздің қоғамға сапалы журналистика керек. Бірақ ол өздігінен қалыптаспайды немесе билік қандай заң қабылдаса да, жоғарыдан берілетін бұйрықпен де шешілмейді. Қазақстандағы журналистиканың деңгейін тек журналистер өздері ғана көтере алады, сонымен бірге елдегі журналистер қоғамдастығы әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі ұстанатын жалпыға ортақ стандарттардың сақталуына да жауапты болуға тиіс. Журналистер ғана емес, медиа саласының өзге өкілдері де жұмыс барысында кәсіби және этикалық принциптерді мұқият сақтауға тиіс.

Әлеуметтік желінің дамуы мен ақпарат таратудың жаңа жолдары дамыған уақытта негізгі принциптер деген – кәсіби стандарттар мен кәсіби этика талаптарын мейлінше дәл беретін қағидалар. Осы негізгі принциптер Қазақстандағы медиа сүйенетін жаңа өзін-өзі реттеу жүйесінің негізі болмақ. Басқаша айтқанда, медиа қызметінің дәлме-дәл белгіленген принциптері мен өзін-өзі реттеу тетіктері болуы өте маңызды, бұл тек кәсіби журналистерді ғана емес, сонымен бірге азаматтық журналистерді, осы принциптерді сақтайтын медиа саласының өзге де өкілдерін қорғауға мүмкіндік береді.

Негізгі принциптерді сақтау тек қана ерікті түрде жүзеге асады, бұл принциптер еліміздегі сөз бостандығын шектемейді немесе оған басқадай зиян келтірмейді. Керісінше, Негізгі принциптердің болуы және оны сақтау медиаға сенімді арттырып, билік органдары, БАҚ қожайындары немесе аудитория тарапынан болатын қысымнан қорғайтын қосымша механизм болмақ.

Біз, Қазақстанның медиа қауымдастығын осы Негізгі принциптерді талқылау және жазу ісіне белсене қатысуға шақырамыз. Қазақстанның әр азаматы ұсынысын айтып, құжатты талқылауға қатыса алады.

Ұсыныстарыңызды media.principles.kz@gmail.com поштасына жолдаңыздар, жұмыс тобы оларды қарастырады.

Негізгі тақырыптар бойынша Google Docs-та жұмыс істей аласыздар немесе ұсыныстарыңызды жоғарыда көрсетілген электрон поштаға жіберуге болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу