Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асқан

624

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асқан Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.

Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.

Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды. Әсіресе, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу