Қазақстан мен Франция бірлесіп, білім беру, жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасамақ

144

Аида Балаева мен Одрэ Азуле ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 

Қазақстан мен Франция бірлесіп, білім беру, жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасамақ Фото: gov.kz

Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның "La France s’engage" қорының президенті Одрэ Азулемен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар "La France s’engage" қорымен бірлескен бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады. Қордың негізгі миссиясы – Франциядағы әлеуметтік және экологиялық инновацияларды қолдау әрі ілгерілету. Атап айтқанда, қор білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік бейімдеу және цифрлық мүмкіндіктердің тең қолжетімділігі салаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерге тың шешім ұсынатын жобаларға қолдау көрсетеді.

Әңгіме барысында білім беру, экология және цифрлық тең қолжетімділік бағыттарында ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамалар қаралды. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау серіктестіктің перспективалы бағыттарының бірі ретінде аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу