Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

100

Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады Фото: Ақорда

Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты. 

Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу