Қазақстан мен Қытай АӨК саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісімшарттарды бекітті

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2419

Премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың Қытайға жасаған сапары барысында агроөнеркәсіп саласындағы сауда және ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытай АӨК саласындағы  ынтымақтастық туралы жаңа келісімшарттарды бекітті

Дәлірек айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі мен қытайлық State Development and Investment Corporation Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 100 млн доллар болатын агроиндустриалды кешен құрылысы туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ "ҚазАгро" мен Grand China Business Management Co. LTD арасында премиум-класты бидай өндіретін ферма құрылысы туралы меморандум бекітілді. Жобанының жалпы құны – 100 млн доллар.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ мен Dalian Commodity Exchange компаниясы да келісім келіп, тауар биржасын ұйымдастыру және көтерме-таратушы орталықтар желісі құрылысы туралы меморандумды бекітті.

Өнімді экспорттау бағытында жаңа келісімдер де баршылық. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Grand China Business Management Co. LTD. бірінші сұрыпты қазақстандық бидайдың 20 мың тоннасын экспорттау туралы келісімге қол жеткізді (келісімшарт құны 4,5 млн доллар). Сонымен қатар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ мен Grand China Business Management Co. LTD. 2000 тонна өсімдік майын экспорттау туралы келісімге  қол қойды (1,5 млн доллар).

Сондай-ақ Қазақстанның ет одағы мен CITIC Construction арасында 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру туралы меморандум жасалды. Құжатқа сәйкес, сиыр өсіру мен сиыр етін өндіруге және экспорттауға арналған инфрақұрылым салынады. Жоба құны – 600 млн доллар.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Қазақстан өзінің ауылшаруашылық өнімдерін Қытай нарығында көптеп шығара бастады. Сонымен қатар біздің республика бидай экспорттаудан бөлек, Қытайға өсімдік майын, жүгері, ет және жемазықтық астық жеткізбек. АӨК экспорттық орталығының мәртебесін алған Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тиісті келісімшарттарға қол қойды.

Еркебұлан Қыздарбек, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу