Қазақстан мен Қытай Іле ойпатындағы уран кенішін бірлесіп барламақшы

676

Астанадағы "Орталық Азия – Қытай" индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында трансшекаралық уран кенішін бірлесіп барлауға мүмкіндік ашатын келісімге қол қойылды.    

Қазақстан мен Қытай Іле ойпатындағы уран кенішін бірлесіп барламақшы Фото: kazatomprom.kz

Бұл туралы "Kazakh Invest" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен Қытай геология университеті, CNNC геобарлау корпорациясы және Xiamen Wanli Stone Co., Ltd компаниясы трансшекаралық кен белдеулерін салыстырмалы түрде бірлесіп зерттеуге бағытталған негіздемелік келісімге қол қойды. Бастама аясында тараптар уран кені бар "Төменгі Іле ойпаты – Іле өңірі" белдеуін ядролық энергетика саласындағы орта және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарына енгізуге күш салады, – деп жазылған "Kazakh Invest" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу