Қазақстан мен Қытай көлік байланыстарын дамыту жобасын талқылады

578

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Қытай көлік байланыстарын дамыту жобасын талқылады Фото: primeminister.kz

Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында "Қытай-Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын" іске асыру мәселесін қарастырды.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және көлік байланыстарын дамытуға бағытталған.

Оның аясында теміржол және мультимодальды инфрақұрылым, сондай-ақ қойма кешендерін салу жоспарланып отыр.

Тараптар серіктестік шарттарын одан әрі пысықтау жөнінде келісті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен компания өкілдері арасында қосымша келіссөздер өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу