Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын жаңа жол салынады

130

Тараптар тиісті уағдаластыққа қол жеткізді. 

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын жаңа жол салынады Фото: inbusiness.kz

Өткен аптада Моңғолия президенті У.Хүрэлсүхтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Баян-Өлгий аймағына қатысты үш маңызды мәселе бойынша келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы аталған аймақтың әкімі Е.Зангар мәлімдеді. Ол делегация құрамында Қазақстанға келген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Біріншіден, тараптар Баян-Өлгий мен Өскемен қаласы арасында тікелей әуе рейстерін қайта жандандыру туралы шешім қабылдап, тиісті келісімге қол қойды. Сондай-ақ, Моңғолияның Жол және көлік министрлігі Баян-Өлгий аймағына халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыруға рұқсат берді.

Екіншіден, екі ел арасындағы ең қысқа автожол бағытын анықтау, оны салу және пайдалануға беру туралы келісім жасалды.

Үшіншіден, тараптар Баян-Өлгий аймағында Қазақстан Республикасының консулдығын ашу жөнінде уағдаласты.

Қазақстанның Көлік министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы "Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы" тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымға тең. Енді жаңа автожол салынса, бұл шақырым екі есеге дейін қысқармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу