Қазақстан мен Норвегия тең тарқады

319

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Норвегия тең тарқады Фото: tornboot.ru

Кездесудің бірінші бөлімі тартысты өтті. Норвегиялықтар басымдықты өз қолдарына алуға тырысып, Қазақстан қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы қорғаныста сауатты ойнады. Соның арқасында Норвегия футболшыларының шабуылы сәтті шыға қойған жоқ.

Осылайша, қос құрама тең есеппен тарқасты.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Аустрия құрамаларымен сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу