Қазақстан мен Ресей Еуразиялық Экономикалық Одақ ішкі нарығында бәсекелеспеуі керек

1007

Ел билігі азық-түлік, тыңайтқыш және дақыл тұқымдары халықаралық санкциялық шектеулерге ілікпеуі керек деген позицияны ұстанып отыр.

Қазақстан мен Ресей Еуразиялық Экономикалық Одақ ішкі нарығында бәсекелеспеуі керек Фото: aqorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттің сөзінше, картоп пен қант қызылшасы сияқты негізгі дақылдар бойынша отандық селекцияның үлесі 10 пайызға жетпейді. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында минералдық тыңайтқыштардың жеткілікті деңгейде қолданылмауы проблемаға айналғанын баса айтты. 

"Қазақстанда ғылыми негізделген қажеттіліктің 25 пайызы ғана, ал Ресейде  іс жүзінде үш есе көп өтеледі. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының басым бөлігі бойынша Қазақстанның өнім алу көрсеткіші басқа жетекші аграрлық державаларға қарағанда әзірге айтарлықтай төмен. Ресей – әлемде ең ірі органикалық тыңайтқыш экспорттайтын елдің бірі. Өнім өткізу нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстандағы Ресей тыңайтқыштарының импорты айтарлықтай артты. Мұның салдары отандық кәсіпорындарға әсер етіп отыр. Біз ЕАЭО-ның ішкі нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек деп санаймын. Біз бірлесе отырып, фермерлерімізге тыңайтқыштарды қол жетімді ету және сыртқы нарықтарға шығу жолдарын іздестіруіміз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу