Қазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді

393

Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Қазақстан мен Ресей спорт министрлері келіссөз жүргізді Фото: Спорт министрлігі

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресейдің Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды.

"Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады", – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу