Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды, – делінген хабарламада.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлем етті.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және бизнес қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде өзара келісімге қол жеткізілді.