Қазақстан мен Швейцария ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ

464

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Швейцария ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.

Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. 

Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу