Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті нығайтпақ

523

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті нығайтпақ Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу