ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсимен, сондай-ақ International Hospitals Group және Turar Healthcare компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар әріптестік қатынастардың тұрақты сипаты мен денсаулық сақтау саласындағы дамудың ұзақ мерзімді векторын атап өтіп, елдердің арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
А. Әлназарова Ұлыбритания Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, ал өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз құратынын атап өтті.
Сондай-ақ фармацевтика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, соның ішінде AstraZeneca компаниясымен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі қарастырылды.
Тараптар медициналық инновациялар, ғылыми зерттеулер және медицина кадрларын даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға дайындығын растады.