Қазақстан Милан - 2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 жолдама иеленді

90

Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу әлі де жалғасуда. 

Қазақстан Милан - 2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 жолдама иеленді

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Милан–2026 қысқы Олимпиадасына тағы 12 лицензия жеңіп алды. Жолдамалар АҚШ, Канада, Нидерланды және Норвегияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша берілді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қысқы Олимпиадада бұл спорт түрінен Қазақстан атынан 5 спортшы қатысады. Лицензия иегерлері ұлттық құраманың бас бапкерінің шешімінен кейін белгілі болады.

Бұған дейін Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан екі, шорт-тректен тоғыз лицензия иеленген еді. Осылайша, қазіргі таңда ұлттық құраманың еншісінде спорттың үш түрінен 23 жолдама бар. Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылдың қаңтар айының соңында нақтыланады.

XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылдың 6–22 ақпаны аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Олимпиадаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу