Норвегиялық футболшылар Алматыда өткен ойындағы олқылықтың орнын толтыруға тырысты.
Нәтижесінде, Эрлинг Холанд ойынның бірінші кезеңіде (23, 37 минуттарда) екі гол соғып тастады. Александр Сёрлот 41-минутта үшінші голды соғып, үзіліске кетті.
Көпшілік Қазақстан құрамасы екінші кезеңде есе қайтарады деп ойлады. Алайда олай болмай шықты.
Эрлинг Холанд 71-минутта үшінші голын салып, хет-трик жасады. Антонио Нуса 77-минутта тағы бір гол салып, ойынның тағдырын біржолата шешті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласына 5:0 есебімен есе жіберді. Біздің жігіттер алты ойын қатарынан бірде-бір гол соға алған жоқ.