Қазақстан ойыншысы Сегундаға ауысады

1880

Испанияның Сегундасының өзі біздің ҚПЛмен тең келеді. Демек, тағы бір ойыншымыз халықаралық дәрежеге көтеріледі. 

Қазақстан ойыншысы Сегундаға ауысады

Қазақстан футболының түлегі Дмитрий Бачек испаниялық "Побленсе" клубына ауысады. Бұл ақпарат жақын уақытта ресми түрде жарияланады, деп хабарлайды "РБ-Спорт Қазақстан".

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы 2019 жылғы маусымда қарағандылық "Шахтерден" кеткен болатын. Осыдан кейін ол клубсыз қалды. Қыркүйектен бастап Қазақстан жастар құрамасының іріктеу матчтарына ойын тәжірибесінің болмауына байланысты шақыртылмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басында Бачек Хорватиялық "Хайдук" клубында қаралымда болды. Бірақ клуб бұл ауысымды трансфер кезеңі аяқталғанға дейін жариялай алмады. Бұған дейін 19 жастағы қазақстандық ойыншыға "Штутгарт" қызығушылық танытқан еді.

"Побленсе" Испания чемпионатының Сегунда Б лигасында өнер көрсетеді (үшінші дивизион). Алғашқы маусымда Дмитрий клуб сапында ойындар өткізіп, өзінің шеберлігін көрсете алады. Сосын, жергілікті футбол философиясына бой үйретпек. Ал одан кейін міндетті түрде испан тілін меңгеріп, жергілікті футбол бапкерлерімен емін-еркін сөйлесе алатын деңгейге жетеді. Бачектің алға қойып отырған мақсаты да осы. Ал "Поденсе" клубы үшінші лигадан, екінші лигаға көтерілуді мақсат қойып отыр. Испанияның екінші лигасының өзі өте мықты командалардан құралған чемпионат. Демек, қазақстандық ойыншының Испанияда бағы ашылып кетуі ғажап емес. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу