Қазақстан Оңтүстік Кореяның медицинадағы жасанды интеллект тәжірибесін зерделеді

114

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов бастаған делегация Сеулде өткен Дүниежүзілік биосаммитке қатысты.

Қазақстан Оңтүстік Кореяның медицинадағы жасанды интеллект тәжірибесін зерделеді Фото: ДСМ

Сапар шеңберінде делегация медициналық процестерді цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне басымдық бере отырып, бірқатар маңызды екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Корея Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрімен келіссөздер: кездесуде электрондық денсаулық сақтау (eHealth) саласындағы екіжақты ынтымақтастық, клиникаларда жасанды интеллектіні қолдануды стандарттау және медициналық цифрлық жүйелерді нормативтік-құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Сараптамалық институттар мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек тәжірибесін зерделеу.
Кореяның денсаулық сақтауды дамыту институтымен (KHIDI және HIRA) кездесуде цифрлық инновацияларды, стартаптарды және жасанды интеллектінің озық шешімдерін клиникалық практикаға енгізу жөніндегі нақты кейстер зерделенді.

Кореяның денсаулық сақтандыруын зерттеу және бағалау институтымен (HIRA) жасанды интеллект пен вig data-ны медициналық талдауды автоматтандыру, сақтандыру жүйесін оңтайландыру және тәуекелдерді басқару үшін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

"Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның емханалары мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарының амбулаториялық көмекті цифрландыру, электрондық медициналық карталарды жүргізу және пациенттердің қозғалысын бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеуге ерекше назар аударылды. Жеке сектормен кездесулер: денсаулық сақтау саласына арналған жасанды интеллект жүйелері мен цифрлық платформаларды әзірлеу, интеграциялау және коммерцияландыру бағытында жұмыс істейтін Оңтүстік Кореяның жетекші IT және биотехнологиялық компанияларымен де консультациялар өткізді, – делінген хабарламада. 

Кездесулер барысында жасанды интеллектіні қолданудың Оңтүстік Кореядағы озық практикасы  Қазақстанның мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне бейімдеу және енгізу үшін жан-жақты зерделенді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу