Қазақстан өз алаңында Литвадан жеңіліп, турнирді соңғы орынмен аяқтады

1701

Михал Билек шәкірттері тағы да жеңілді.

Қазақстан өз алаңында Литвадан жеңіліп, турнирді соңғы орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы матчында Литвадан жеңіліп қалды. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 1:2 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен Қазақстан ойынды өз бақылауына алды. Және 38 минутта Абат Айымбетов Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған пасын голға айналдырды. Араға екі минут салып қонақтар сапынан Воробьев есепті теңестіріп кетті. Ал 50-минутта команда капитаны Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Новиковас жеңісті жұлып әкетті.

Қазақстан құрамасы бұл ойыннан кейін 5 ұпаймен өз тобында соңғы орынға ие болды. Литва 8 ұпаймен үшінші орынын сақтап қалды.

Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Д лигасына түспеу үшін өтпелі матч ойнауы мүмкін. Қазіргі уақытта өтпелі матчтарының үш қатысушысы белгілі: Кипр, Эстония және Қазақстан. Косово мен Молдова командалары өзара кездесу өткізген соң бұл тізімге тағы бір команда қосылады.

Плей-офф ойындары командалардың өз алаңында және сырт алаңда өтеді. Алғашқы ойындар 24-25, ал қалғандары 28-29 наурызға жоспарланған. Қарсыластар Ұлттық құрамалардың рейтингтері негізінде анықталады. ФИФА-ның қазіргі рейтингіне жүгінер болсақ, Кипр құрамасы 99-орында, Эстония 109-орында, ал Қазақстан 119-орында. Косово құрамасы 117-орында, Молдова құрамасы 175-орында тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу