Қазақстан премьер-лигасы жаңа форматта ойнайды

3327

Қазақстанда футбол маусымы аяқталып, барлық команда жылды қорытындылап жатыр. 

Қазақстан премьер-лигасы жаңа форматта ойнайды

Жақында Қазақстанның кәсіби футбол лигасының қатысуымен Қазақстан футбол федерациясы басқару комитетінің кезектен тыс отырысы болып, онда жаңа маусымда өтетін Қазақстанның ішкі біріншілігіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа форматы бекітілді.

2017 жылы Қазақстан премьер-лигасында 12 команда бұрынғыдай өнер көрсете береді. Бірақ келесі жылы 6 командадан екі топқа бөліну деген болмайды. Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сүйенер болсақ, барлық команда үшін, оның ішінде 1-ші лига командасы үшін чемпионат 3 айналымнан тұрады.

Бұл өзгерістің командадағы легионер санына қатысы жоқ. Қазіргі таңда команданың құрама сапына 8 легионер ғана кіреді, оның тек алтауы ғана бір сәтте алаңда ойнауға құқылы. Ал 1-лигада шетелдік ойыншы саны үштен аспауы керек және үшеуі де бір уақытта алаңда ойнай алады.

Премьер-лиганың 10-орын алған командасы мен 1-лиганың 3-орын алған командасы өзара премьер-лигаға өту жолдамасын сарапқа салады.

Қазақстан кубогы үшін бәсекеге премьер-лига мен 1-лига командаларымен қатар 2-лига командалары да тең дәрежеде өнер көрсетеді. Және бірінші кезеңдегі алғашқы ойынды өз алаңында өткізу мүмкіндігі 1 және 2-лига командалары арасында айқындалады.

"Қазақстан футболының түлегі" деген түсінікке келер болсақ. Бұдан былай 2014 жылдың қараша айынан бастап осы түсініктің күшіне енген кезінде Қазақстан азаматы ретінде тіркелген әрбір футболшы "Қазақстан футболының түлегі" болып есептеледі.

Қосалқы команданың құрамында өнер көрсететін ойыншылардың жас ерекшелігіне де өзгеріс енгізілді. Бұрынғыдай 1994 жылғы футболшыдан жасы үлкен болмайды деген шектеу жойылды. Енді қосалқы команданың құрамында ойнайтындардың жасы 1996 жылы туғандардан аспауы керек. Біріншілікке қатысушылар тізімінде бұрынғыдай футболшының туған жылын көрсету міндетті емес.

Сонымен қатар ойыншылардың деректерін қадағалап отыратын "CATAPULT" жүйесін пайдалануға рұқсат етілді және 2018 жылдан бастап атқарушы комитеттің ұйғарымымен бұл жүйе міндетті түрде іске асырылады.

Жиында сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы 2017 жылғы Қазақстан біріншілігін өткізу мәселесі де сөз болып, турнирді өткізу тәртібі мен мерзімдері бекітілді.

Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында УЕФА бөлген қаржыны клубтар арасында теңдей бөлу жүйесі де қаралып, бекітілді.

Футбол клубтарын сертификаттау Ережесіне де өзгеріс енгізіліп, бекітілді.

Және отырыс соңында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті және атқарушы комитеттің мүшесі болған Рафаэль Эдуардович Гарибян отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті.

Ал Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері қызметіне Игорь Владимирович Утробин тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу