Алматылық "Қайрат" биыл бас жүлдеге қол созамыз деп үміттеніп отыр. Қазір турнир кестесінде үздік үштікте келеді.
Ал "Жеңіс" ұзақ жылғы үзілістен кейін үздіктер қатарына қайта қосылды. Әзірге жанкүйер көңілінен шығарлық ойын көрсете алмай жүрген жайы бар.
Жазғы трансферлік кезеңде команда құрамына көптеген жаңа ойыншыларды тартты.
Кездесу барысында алматылық клубтан Жоао Паоло 49-минутта есеп ашса, 83-минутта елордалық командадан Лукаш Будинский таразы басын теңестірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу