Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымы басталады

194

7-8 наурыз күндері еліміздің стадиондарында футболдан Қазақстан Премьер-Лигасы 2026 жылғы маусымының алғашқы тур матчтары өтеді. 

Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымы басталады

Жаңа чемпионат жанкүйерлер үшін тартысты кездесулерге толы болмақ. Бірінші тур ойындары 7 наурызда басталады. Бұл күні "Көкшетау" командасы "Елімайды" қабылдайды. Сондай-ақ "Алтай" мен "Қайрат", "Ақтөбе" мен "Тобыл", ал кешкі матчта "Ордабасы" мен "Ертіс" өзара кездеседі.

8 наурызда турдың қалған ойындары өтеді. "Қызылжар" командасы "Каспиймен" ойнаса, "Атырау" "Ұлытауды" қабылдайды. Сонымен қатар "Қайсар" мен "Жеңіс" кездеседі. Ал турдың орталық матчтарының бірі "Астана" мен "Жетісу" командалары арасында өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымның чемпионы – алматылық "Қайрат" клубы. Биыл команда өз чемпиондық атағын қорғауға тырысса, өзге клубтар да жоғары орындар үшін тартысқа түспек.

Чемпионаттың екінші туры 16-17 наурызға жоспарланған. Ал 2026 жылғы маусым 1 қарашада аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу